Мамандықтар

0514000–Техник-бағалаушы – маманы кез – келген  мүліктің, соның ішінде: жылжитын және жылжымайтын мүліктер, жер, акция және бизнес, мүліктік құқықтар, материалдық емес активтер құнын анықтай алады. Кәсіпорынды қайта құруда немесе оны төлемге қабілетсіз деп тануда, бизнесті сату – сатып алуда (үлесі бойынша), банк несиесін қамтамасыз етуде, зияткерлік меншікке құқықтарын рәсімдеуде, құнды қағаз нарығында жұмыс жасауда, инвестициялық қызмет жүргізуде, сақтандыру келісім шартын жасауда, келтірілген зиянның орнын толтыруда  мамандандырылған бағалаушы қызметінсіз мүмкін емес.

Қызмет түрлері:
  • Нарықтық жағдайда, нарықтағы тауар мен қызметтердің құнын талдау;
  • Есеп жүргізу әдістемесін таңдау;
  • Жұмсалған қаражаттың өзін-өзі өтеуін бағалау;
  • Тауар құнын немесе қаржылық шығынын есебін жүргізу(сақтандыру бойынша төлемдер жасау жағдайында);
  • Сарапшы, бизнес талдаушы ретінде кеңес беру

Бағалау кәсібінің өкілдері еңбек нарығында сұранысқа ие болып табылады. Бұл салада көптеген мамандарды ЖОО оқытып шығарғанымен, көптеген компаниялар мен кәсіпорындарда білікті бағалаушылар талап етіледі.

0518000–Есепші -ревизор – еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Кез келген ұйымда есепші қажет. Есепші жұмысы материальдық құндылықтарды, тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің есебін жүргізу, еңбек ақыны төлеу, салықты төлеу т.б. жұмыстарды атқарады.

Қызмет түрлері:
  • Негізгі құралдардың есебі;
  • Материалды құндылықтарды;
  • Жалақыны есептеу;
  • Тауар жеткізушілер мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу;
  • Салық есебі және т.б.

Есепті дұрыс жүргізумен уақытылы есеп беру бойынша бас бухгалтер жауапты

0515000–Менеджмент – басқару ісі. Басқарушы менеджер өндіріс пен тауар айналымын жүзеге асырушы. Менеджерлер түрлі фирмаларда жұмысты ұйымдастырып, компанияның жетекші қызметтерін атқарады. Қалай дұрыс басқаруды біз үйретеміз!

Қызмет түрі:
  • Ұйымдардағы операциялар арасындағы байланысты жүргізеді;
  • Ұйымның өз мақсаты бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
  • Ұйымның қызмет көрсету стратегиясын өңдейді;
  • Ұйымның қызмет көрсетуіне жауапты;
  • Ұйым атынан әртүрлі шараларда өкілдік етеді;

Менеджер – тұрақты басқару лауазыммен айналысатын адам және нарық жағдайында қызмет ететін ұйымның түрлі бағыттар бойынша шешім қабылдауға өкілетті тұлға.

Менеджерлар ұйымда әртүрлі (директор,топ жетекшісі, әртүрлі жұмыс ұйымдастырушы, басшы, меңгеруші) қызмет атқарады.

0516053–Қаржылық жұмыстағы экономист – ұйымның қаржылық операцияларын, табысты қалыптастырумен тарату, мемлекет алдындағы қаржылық жауапкершіліктерін өтеу, қаржылық шығындар мен бизнесті ұлғайтудың көздерін қарастырады.

Қызмет түрі:
  • Кәсіпорын табысымен жинақтарын бөлуші және қалыптастырушы;
  • Бюджет міндеттемелері бойынша пайдалану, Салық органдары;
  • Банк мекемелері;
  • Қайта өндірістің шығындарын қаржыландыру;
  • Қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандырумен материалды ынталандыру.

Экономист қызметін көптеген өндірістік және қаржылық компаниялар, коммерциялық ұйымдар және басқа да ұйымдар қажет етеді.

1511033 Жерге орналастыру  – техник кәсіби қызметінің салалары: жерді тиімді пайдалану мен қорғау мақсатында өндіріс учаскесінде жобалық-ізденіс, жерге орналаластыру, геодезиялық және кадастрлық жұмыстарын  жүргізеді, сонымен қатар жобалық, геодезиялық, құрылыс ұйымдарында қызмет жасай алады.

Қызмет түрі:
  • Орналасқан орнының координаттарын анықтау;
  • Типографикалық жоспар құру;
  • Құрылыс жұмыстарын жүргізуде;
  • Алынған деректерді талдау.

Геодезист кәсібі – ақпаратты қабылдау және өндеу, көбіне адамның ақыл ойымен байланысты қызметі.

Геодезист жұмысында зияткерлік ойлану нәтежелері маңызды, сонымен қара жұмыста қарастырылады.

1305023 Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша) –техник- бағдарламашы   бұл арнайы математикалық моделдердің негізінде компьютерлік бағдарламалармен   алгоритмдік әзірлемелер жасаумен айналысушы маман.  Бұл мамандықта бірінші орында тек практикалық тәжірибе емес сонымен бірге маманның идеясыда қарастырылады.  Бұл мамандық күнделікті қажетті төлемақысы жоғарылардың қатарында.

Қызмет түрі:
  • әр түрлі веб-жобаларды жасайды;
  • жобалардың алгоритмдерін жазады;
  • сайттар мен мобильді қосымшалар жасайды;
  • жеке жобалар жасайды;
  • әлемнің кез келген жерінде жұмыс істей алады.

Бағдарламашылар әлемді өзгертеді

 Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша ) 1305011– дизайнер – бұл Web – парақшаны жасайтын оны Web-сайтта біріктіретін интернет технологияны меңгерген және шығармашылық талғамы жоғары мамандық иесі. Web – дизайнердің басты мақсаты интернет жобаны қолданушылардың қызығушылығын тудыратындай етіп әрлендіру.

Қызмет түрі:
  • сайтты әрлендіру;
  • сайттың ұлгісін жасау және ойластыру;
  • интерфейс құрастыру;
  • бейімделгіш сайттар;
  • веб-жобаларға дизайн жасау.

1401213–Құрылыс – технигі – құрылыс бойынша кәсіби қызметі тұрғын, қоғамдық және өндірістік нысандарын пайдалану мен қайта құру техник ретінде жобалық  құрылыстық ұйымдарда жұмыс істейді.

Қызмет түрі:
  • Ерекше ғимаратпен құрылғыларды инженерлік қоныстандырумен жабдықтау;
  • Жобалау;
  • Өндірістік және азаматтық тұрмыстық ғимараттармен құрылғылар;
  • Ерекше ғимаратпен құрылғы теориясында ғылыми зерттеулер жүргізу.

Болашақ бүгіннен басталады