ТАЛАПКЕРГЕ

Колледжге түсу тәртібі

Білім алу формасы

Қазіргі уақытта колледжде күндізгі және қашықтықтан (сырттай) түрде, қазақ және орыс тілдерінде оқытылады;

Оқу мерзімі

Күндізгі бөлім бойынша оқу мерзімі (9 сыныптық білім негізінде) – 2 жыл 10 ай және орта мектептен кейін (11 сынып) 1 жыл 10 ай, қашықтықтан (сырттай) оқу – 2 жыл 10 ай;

Неліктен АБҚК?

Мықты оқытушылар құрамы мен оқу базасы өзіне берілген міндеттерді сапалы түрде орындайды. Оқу барысында біздің оқытушыларымыз сіздерге білім беріп қана қоймай, жеке тұлға ретінде қалыптасуыңызға қамқорлық жасайды. Біздің оқу орнында сіз өз мүмкіндіктеріңізді көрсете отырып, жаңа өмірге нық қадам жасай аласыз. Болашақ мамандардың білімі практикада толығады, өндірісте тәжірибелі мамандар сіздің кәсіби шеберлігіңізді шыңдайды! Біздің колледжді бітірген соң, сіз ертеңгі күніне сенімді кәсіби маманға айналасыз.

Қажетті құжаттар:

1. Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік (көшірме) 2. Аттестат (түпнұсқа) 3. Медициналық анықтама форма №086-у, ф. 0-26 (мектеп картасы) 4. 6 фото 3х4